- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында 3...
Ақмола облысында 3 жасар бала шұңқырдағы суға батып кетті
Фото:
Тengrinews
Төңкеріс станциясында үш жасар бала салынып жатқан балабақшаның септигіне батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 шілдеде сағат 17:00-де Шортанды аудандық полиция бөліміне Төңкеріс станциясында салынып жатқан балабақша аумағында үш жасар баланың септикке батып кеткені туралы хабарлама түскен.
"Бұл оқыс оқиға бойынша сараптамалар тағайындалды, мән-жай анықталып жатыр, тексеріс қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді облыстық Полиция департаменті өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова