- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында 17...
Ақмола облысында 17 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
Ақмола облысында жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетау қаласының тұрғынынан оның 2006 жылы туған кәмелетке толмаған қызы Лейла Тойбазарды іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш түсті. Ол 7 қыркүйекте сағат 15.00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз.
Ведомство мәліметінше, жасөспірім бұған дейін де бірнеше рет үйден кетіп қалған.
"Оның бойы 155 сантиметр, арық денелі, қоңыр көзді, шаштары қара және қысқа, маңдайының оң жағында кішкентай тыртық бар. Үстіне қара түсті күртеше, қара түсті жилет, басына қара кепка киген", - делінген хабарламада.
Қазір оның орналасқан жері анықталып жатыр. Сонымен қатар, іздеуге еріктілер қосылды.
Хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімнің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден Сәтбаев көшесі 1 "а" мекенжайындағы полиция басқармасына немесе 8-(7162)-29-96-00, 8-707-119-87-19 телефондары арқылы хабар беру сұралады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова