Ақмола облысында 17 жастағы жігітті кене шағып, жансақтау бөліміне түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Дәрігерлер оған "кене энцефалиті" диагнозын қойған. Мамандардың айтуынша, кене оны 16 мамырда орманда шаққан, алайда науқас дер кезінде дәрігерге жүгінбеген. Салдарынан оның жағдайы нашарлап кеткен.
Айта кетейік, өңірде 500-ге жуық адамды кене шағып, дәрігерге қаралған. Үш адамнан "кене энцефалиті" анықталған. Олар - Бурабай және Сандықтау аудандарының тұрғындары. Қазір барлығы емделіп жатыр.
"Кене энцефалиті" жүйке жүйесі зақымдануына, мидың, жұлынның өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін. Кене шаққаннан кейін 7 және 14 күн ішінде бірінші белгілері пайда болады. Олар: дене қызуы көтерілуі, қатты бас ауруы, иіс сезу қабілеті жоғалуы", - деді жансақтау бөлімінің меңгерушісі Ербол Жұмағалиев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова