Ақмола облысында 16 млн теңгенің медициналық жабдығы ұрланған

Ақмола облысында 16 млн теңгенің медициналық жабдығы ұрланған
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында 16 млн теңгенің медициналық жабдығы ұрланған. Полиция істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысының полицейлері қымбат медициналық құрал-жабдықтардың ұрлану дерегін ашты.

Көкшетау қаласындағы медициналық мекеменің басшылығы полиция басқармасына ұрлық туралы шағымданған. Залал көлемі 16 миллион теңгеге жеткен.

Жедел тергеу шаралары барысында ұрлыққа аурухананың бұрынғы қызметкерінің қатысы бар екені анықталған. Ол ыңғайлы сәтті пайдаланып, медициналық мекеменің оттегі цистерналарын, СМГ құрылғыларын және рентген аппаратурасын заңсыз иемденіп, көлікпен алып шыққан.

"Құқық қорғау органдары мекеме басшыларын қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Қазір тергеу жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова