- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында 16...
Ақмола облысында 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткен
Көкшетауда жоғалған студентке іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында жоғалып кеткен 16 жастағы студент іздестіріліп жатыр. 1 маусымда Көкшетау қалалық ІІБ-не қамқоршы - облыс орталығындағы колледждердің бірінің директорынан студент Анна Писареваның жатақханадан белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмағаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.
Жоғалған қыздың жүрген жерін анықтау үшін криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Полиция қызметкерлері шаруа қожалықтарын, қараусыз қалған ғимараттарды, құрылыс алаңдарын, саябақтарды, кәріздерді, гараж кооперативтерін, саяжайларды, өзен және су қоймаларының жағалауындағы аумақтарды, қонақ үйлерді, жалға берілетін пәтерлерді, сауда орталықтарын, түнгі клубтарды және басқа да орындарды тексеріп жатыр.
Сондай-ақ, барлық ықтимал куәгер, соның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері, такси жүргізушілері және жеке такси жүргізушілері сұралады.
"Студент шығып бара жатқанда үстіне жемпір, спорт шалбары, кроссовка киген, барлығы қара түсті, ерекше белгілері жоқ. Бойы - 155-160 сантиметр, боб шаш үлгісі, шашы боялған, баклажан түсті. Қыз жатақханадан шығып, қоқысты қоқыс жәшігіне лақтырып, телефонмен сөйлесіп жатып колледжден шығып кеткен", - делінген Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Полиция іздеудегі қыз туралы білетіндерді хабарласуын сұрайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек