Ақмола полицейлері жылдамдық режимін 137 рет бұзған жүргізушіні ұстады. Жүргізушіге салынған айыппұлдар сомасы 1 миллион теңгеден асты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Toyota Camry Ресейде есепте тұр, иесі Көкшетаудың 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамның жылдамдықты 137 рет асырғанын анықтады. Оған салынған айыппұл көлемі - 1 миллион 250 мың теңге.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тұрғынның көлігін арнайы тұраққа қойды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!