Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімі тағайындалды

Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкімі ауысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Қорғалжын ауданының әкімі болып Алмас Алин тағайындалды.

Қорғалжын ауданының жаңа әкімін аудан активіне Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов таныстырды.

Алмас Алиннің алдына ауданның дамуы және Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында халық тұрмысына қолайлы жағдай жасау бойынша бірқатар міндеттер қойылды.

Аймақ басшысы жаңадан тағайындалған аудан әкіміне барлық жоспарланған объектілердің іске қосылуын жеке бақылауда ұстау және олардың бұзылуына жол бермеу, жылыту маусымын қауіпсіз және ақаусыз өткізу, сумен жабдықтау объектілерінің уақытылы іске қосылуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ Алмас Алинге инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлік саласын, тұрғын үй құрылысын дамыту жөнінде нақты жұмыс жүргізу қажет.

Кездесу соңында Марат Ахметжанов жүктелген міндеттерді іске асыруда табыс тіледі, оған қоса Қорғалжын ауданының бұрынғы әкімі Берік Жанбаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз