Ақмола гарнизонының қызметкері педофилия бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігіне қарасты бөлім офицерінің Астанадағы ауруханалардың бірінде 8 жастағы баланы зорламақ болды деген ақпарат тараған.
Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов күдіктінің ұсталып, тергеудің басталғанын мәлімдеді.
"Бұл ақпаратты растаймын. Қазір әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр және қылмыстық іс бақылауда", - деді ҚР Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!