Ірі кәсіпорындарды тексеру үшін мемлекеттің құзыретін кеңейту керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БАҚ өкілі Мәжілісменнен "Қыс басталғалы жылу жер-жерде өшті. Қайтадан жылусыз қалдық. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?" - деп сұрады.
"Ең бірінші аяздар келе бастады. Өкінішке қарай (автор - жылу желілерінде) апаттар болып жатыр. Бұл жерде мәселеге кешенді қарауымыз керек. Әрине, жылыту мауысыма дайындық сапасына мән беруіміз керек. Біз мемлекеттік энергиялық-қадағалау сияқты басқа да өкілетті органдардың құзыретін алуымыз керек. Кезінде дуиң-бизнес дедік, түрлі рейтингті айттық, кәсіпкерлердің құқығын қорғаймыз дедік. Әрине, қорғау керек. Бірақ үлкен монополистердің құқығын қорғамауымыз керек. Үлкен жылу-электр орталықтары мен үлкен кәсіпорындар болса, оған мемлекеттің тиісті бақылау органдары тексере алатындай мүмкіндігі болуы керек", - дейді депутат Астанада өткен "Алтын Сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімі алдында.
Сондай-ақ Аймағамбетов коммуналдық тарифтерді өсуіне қатысты былай деді:
"Мемлекеттік-энергетикалық аудиттің құзыретін кеңейту керек. Өйткені қазір оларда айтарлықтай құзырет жоқ. Әрине, бірінші кезекте әкімдіктер жылыту маусымына дайындалуы керек. Екінші жағынан, кезінде бүкіл мекемелер жекеменшікке беріліп кеткеннен кейін әкімдіктердің қолы қысқа. Үкімет де осы мәселемен айналуға тиіс", - дейді депутат.
Жасұлан Ордабаев
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!