Tengri Auto Әкімдіктердің автопаркіне шолу жасап, шенеуніктер қандай көлік мініп жүргенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, олардың меншікті автопаркі жоқ.
2018 жылдан 2023 жылға дейін қалада мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы жұмыс істеді: әкімдік қажеттіліктері үшін қызметтік көліктердің орнына такси қызметі пайдаланылды. Билік бұл форматты әрі қарай да сақтауды ұйғарды.
Қазір әкімдік жеке серіктестің қызметін пайдаланып келеді, бұл ретте жеке автопарк сатып алынбайды және күтіп ұсталмайды. Серіктес автокөліктерді өзі ұсынады, оларға техникалық қызмет көрсетеді және жүргізушілердің жұмысын ұйымдастырады.
Жаңа форматта электромобильдерді пайдалану жоспарланып жатыр. Сондай-ақ, жеке серіктес инфрақұрылымды дамытып, соның ішінде өз қаражаты есебінен зарядтау станцияларын орнатады.
Алматы әкімдігінің де өз автопаркі жоқ, олар көлік қызметтерін пайдаланады. Бұл мемлекеттік сатып алу порталындағы ашық конкурс арқылы жүзеге асырылады.
Бірақ екі жыл бұрын әкімдіктің 160 автокөліктен тұратын жеке автопаркі болған. Бұл мөлшердің 100-і шенеуніктердің қызметтік сапарлары үшін пайдаланылды.
Ресми автопарк тізімінде мынадай модельдер болды:
Ресми мәліметтер бойынша, автопаркте 46 көлік бар. Оның 12-сі қызметтік, 32-сі кезекші көлік ретінде бекітілген, тағы 2 автокөлік қонақтарды күтіп алуға арналған.
Автопаркте салыстырмалы түрде жаңа көліктер. Басым бөлігі - 2024 жылы шыққан 25 дана Hyundai Sonata седаны.
Сондай-ақ, тізімде KIA K9 (1 көлік, 2024 жыл), KIA K8 (5 көлік, 2024 жыл) және KIA K5 (1 көлік, 2025 жыл) бар. Сонымен қатар, әкімдік иелігінде кроссоверлер де бар: KIA Sorento (5 бірлік, 2024 жыл) және KIA Sportage.
Қызметтік тапсырмалар үшін Yutong (2024 жыл) және Mercedes-Benz Sprinter (2019 жыл).
Екі жыл ішінде Шымкент автопаркі айтарлықтай жаңартылып, көлік саны екі есеге жуық өсті. Мәселен, 2024 жылы баланста әртүрлі мақсаттағы 24 автокөлік болған еді.
Ол кезеңде автопарк негізінен ескілеу модельдерден тұратын, олардың арасында:
Қазіргі тізімді екі жыл бұрынғы деректермен салыстырсақ, автопарк айтарлықтай "жасарған". Қазір онда 2024–2025 жылдары шыққан көліктер басым, ал бұрын негізгі бөлігі 2010–2015 жылғы машиналар болатын.
Бүгінгі таңда әкімдік автопаркінде 75 бірлік қызметтік автокөлік тіркелген. Басқа өңірлердің автопарктерімен салыстырғанда, Алматы облысының автопаркі ең ауқымдысы.
"Бұл мөлшер жедел қызметті қамтамасыз ету және жұмыс сапарларын, соның ішінде облыстың шалғай аудандарына баруды ұйымдастыру үшін қызметтік қажеттіліктерді ескере отырып қалыптастырылды", - деп жауап берді ведомство өкілдері.
Автопарк құрамында жаңа да, пайдаланылған да мынадай түрлі маркалы көліктер бар:
Қалған маркалар аталған жоқ, бірақ көліктердің саны мен модельдері 2024 жылғы тізіммен сәйкес келетінін атап өткен жөн.
Әкімдік мәліметінше, баланста 69 автокөлік бар. Олардың қатарында Mercedes Benz, Lexus, Toyota, Hyundai, Kia және Газель сияқты маркалар бар.
Бұл - Алматы облысы әкімдігінен кейінгі тізімдегі ең үлкен автопарктердің бірі.
Әкімдік мәліметінше, оларда 56 бірлік автокөлік бар, оның ішінде: 6 бірлік - облыс басшылығының қызметтік көліктері, ал қалған 50 көлік 25 басқармаға бөлінген.
Олардың арасында:
Қазір әкімдікте мемлекеттік қызметшілерді тасымалдауға арналған 47 қызметтік көлік бар. Нақты маркалары мен модельдері аталмады.
Бұдан бөлек, жергілікті органдардың қажеттілігі үшін қосымша автокөліктерді жалға беретін компанияны таңдау мақсатында жыл сайын мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс өткізіледі.
Жетісу әкімдігінің автопаркінде өзгерістер байқалады. Қазір онда 2008-2025 жылдары шыққан 37 жеңіл автокөлік бар:
2024 жылы оларда 34 жеңіл көлік болған, атап айтқанда:
Автопаркке бірнеше KIA және Hyundai қосылды. Chevrolet, Toyota және Skoda азайды. ZAZ Chance және төрт Mercedes өзгеріссіз қалды, алайда бұлардың бұрынғы "мерстер" екені белгісіз.
Бізге берілген ақпаратқа сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі заңды тұлға құрмай қызмет ететін алқалы орган болып саналады. Сондықтан оның балансында қызметтік автокөліктер жоқ.
Дегенмен әкім аппаратының жұмысы үшін басқарма қарамағында 29 автокөлік бар:
Әкімдікте барлығы 31 автомобиль бар, оның ішінде 18-і "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне, ал 13 данасы "Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген.
Автопаркте отандық өндірушілердің Hyundai және KIA маркалы автомобильдері пайдаланылады. Нақты модельдерінің атауы мен саны бізге айтылмады.
Дегенмен, екі жыл бұрын автопаркте көлік саны дәл осындай болған. Және ол келесідей көрінетін:
Әкімдікте бүгін 27 автомобиль бар. Атап айтқанда:
Ведомство мәліметінше, олардың бір бөлігі ұзақ уақыт бойы пайдаланылып келеді және кезең-кезеңімен есептен шығарылуға тиіс.
Автопарк тек бюджет шеңберінде және машиналар бұзылған немесе оларды әрі қарай пайдалану тиімсіз болған жағдайларда ғана жаңартылады.
"Бұл ретте жаңа автомобильдерді сатып алу кезінде олардың құнын, пайдалану сипаттамаларын және қызметтік қажеттіліктер үшін пайдаланудың мақсатын ескере отырып, отандық өндірістегі көлік құралдарына басымдық беріледі", - деп атап өтті әкімдіктегілер.
Сондай-ақ, күнделікті міндеттер үшін негізінен орта санаттағы автомобильдер мен кезекші көліктер пайдаланылады.
БҚО әкімдігінде 21 автомобиль пайдаланылады:
"Ұлытау облысы әкімі аппаратының іс басқармасы" КММ теңгерімінде 20 автомобиль бар:
Оның ішінде: 6 қызметтік, 12 кезекші және 2 қонақтарға арналған автомобиль.
Қарағанды облысының әкімдігінде қызметтік мақсатта пайдалану үшін Қазақстандық құрастырылымдағы 18 машина есепте тұр:
2024 жылы да автомобильдер саны дәл осындай болған, бірақ құрамы сәл өзгеше еді:
СҚО әкімдігінде қызметтік қажеттіліктер үшін 10 автомобиль пайдаланылады:
Қостанай облысы әкімдігінің теңгерімінде 9 автомобиль бар:
2026 жылы жаңа автомобильдер сатып алу жоспарланбаған.
Біз бұған дейін 2024 жылы әкімдікте 10 автомобиль болғанын жазған едік:
Екі жыл ішінде автопарк 10-нан 9 көлікке дейін қысқарды. Алайда құрамы жаңарды: Kia Sportage, Skoda Rapid және Peugeot 301 секілді бюджеттік модельдер, сондай-ақ Skoda Superb жойылды. Сонымен қатар, Toyota Land Cruiser 200 саны артты (біреуден үшке дейін), Kia K9, Toyota Hiace, Toyota Camry және Chevrolet Trailblazer модельдері пайда болды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасының теңгерімінде 8 автокөлік бар:
2024 жылы әкімдікте көлік саны дәл осындай болған, бірақ құрамы сәл өзгеше еді:
Түркістан облысының әкімдігінде 7 автомобиль бар.
Әкімдік мәліметінше, Kia K9, Hyundai Sonata маркалы автомобильдер қолданылады.
Павлодар облысында ең шағын автопарк тіркелген, онда бар болғаны 6 автомобиль бар:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!