Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы ретінде "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына айрықша мән беретінін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог платформасында сөз сөйледі.
"Елімізде азаматтардың өтінішін қарауға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір ауыл әкімі бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы тұрғындардың мәселелерін еш қиындықсыз сараптай алады. Өтініш жолдаған әрбір адамның сауалына нақты жауап берілуге тиіс. Әдетте мұндай хаттардың көбі аймақтағы инфрақұрылым, соның ішінде, жол, аула және балалар алаңы туралы болады", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, бұл – жергілікті жерде шешімін табуға тиіс негізгі мәселелер.
"Бірақ әкімдіктер көп жағдайда мұндай өтініштерге атүсті қарайды. Амалы таусылған жұрт орталыққа, тіпті Президент әкімшілігіне шағымдануға мәжбүр. Азаматтардың өз әкіміне деген сенім деңгейін осындай хаттардың санынан байқауға болады", - деді Тоқаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!