Алматы әкімдігі әлеуметтік осал азаматтардың 8 санатына, яғни ҰОС ардагерлері мен оған теңестірілген тұлғаларға, 1-2 топ мүгедектеріне, көпбалалы аналарға, зейнеткерлерге электр энергиясы үшін коммуналдық төлем бойынша қосымша әлеуметтік қолдау көрсетуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл шаралар 1 наурыздан бастап тұрғын үйге электр қуаты 505,78 теңгеге дейінгі өсуіне байланысты қабылданған.
Өтемақы мөлшерін 0,75 АЕК немесе 2769 теңге көбейту жоспарланып отыр. Оны рәсімдеу үшін тізімдегі адамдар мына қадамдарды орындауы шарт:
"Бұл мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі кемінде 6 жұмыс күні болады. Өтініштер мен шешім қабылдағаннан кейін төлем арыз берушінің екінші деңгейдегі банктердегі шотына түседі", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!