Әкімдік қызметкері алаяқтық әрекеті үшін сотталды

Ақмола облысы Біржан сал аудандық соты қызметтік бабын пайдаланып, алаяқтық әрекет жасады деп айыпталған аудан әкімі аппаратының қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік қызметкері шаруа қожалығынан 2 миллион теңге талап еткен. Бұл ақшаны шенеунік шаруа қожалығының басқарушысынан залал сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап бермеу үшін сыйақы ретінде сұраған.

"Сотта ескіру мерзімінің өтуіне байланысты Б-ның сотқа талап қоюға құқығы болмағаны анықталды. Бұдан басқа, бұрын сот шешімімен залалды өтеу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартылғаны Б-ға белгілі болған. Осылайша, Б., өзінің қызмет бабын пайдаланып, А-ны адастырды. 1 миллион теңге алу кезінде ол ұсталған. Сотқа іс прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасаумен түсті", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот үкімімен шенеунік мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, ұрланған мүліктің 7,5 есе мөлшерінде (15 миллион тенге) айыппұл тағайындалды.

"Заңнама мен қылмыстық-жазалау әрекеттері үшін жауапкершілікті түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында үкімді жария ету ауыл округтерінің әкімдері мен аудан әкімдігі аппаратының бөлім басшыларының қатысуымен өтті", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!