Әкімдік Қостанай қаласының атауын Санар деп өзгертуге қатысты түсініктеме берді

Қостанай облысының әкімдігі Қостанай қаласының атын өзгерту туралы желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Наша газета" басылымының жазуынша, TikTok желісінде және мессенджерлерде пайдаланушылар KazNews қоғамдық парақшасының скриншотын таратқан. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласының атауын Санар деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойғаны жазылған.

Қостанай облысының әкімдігі таралып жатқан ақпараттың жалған екенін растады.

"Қостанай қаласының атауын Санар деп өзгерту туралы ақпаратқа қатысты айтарымыз, ол жерде ешқандай сілтеме немесе құжаттық дәлелдер жоқ, сондықтан ол ақпараттың сенімсіз (жалған) екенін мәлімдейміз және жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз", - деді облыс әкімдігі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!