- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әкімдік жер сілкінісі...
Әкімдік жер сілкінісі салдарынан зақымдалған ғимараттарға қатысты пікір білдірді
Алматы әкімдігі жер сілкінісі салдарынан зақымдалған ғимараттарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан ғимараттарда зақым байқалған.
"Бұл негізінен төбе, сылақ, кафель және қасбетті әрлеу сияқты әрлеу материалдарының элементтеріне қатысты. Бұл зақымданулар тірек конструкцияларының бұзылуына жатпайды, өйткені әрлеу материалдарының тұрақтылығы бекіту сапасы мен материалдың өзі сияқты бірқатар фактіге байланысты. Қазіргі таңда аудан әкімдіктері жанынан кешенді тексеру жүргізу үшін уәкілетті органдардың құрамымен жұмыс топтары құрылды.
Жер сілкінісі салдарынан зақымдану анықталса, нысандардың тізімі сараптамалық ұйымдар сейсмикалық тұрақтылыққа тексерулер жүргізу үшін Алматы қаласының урбанистика және қала құрылысы басқармасына жіберіледі", - делінген ресми жауапта.
Еске салайық, Алматыда 5 балл жер сілкінісі болғаны айтылды. Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Алматы әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі бойынша жедел штаб жиналысын өткізіп жатыр. Ал Алматыда тағы да жер сілкінісінің афтершогы қайталану қаупі бар. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, жер сілкінісіне байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина