Әкімдік алматылықтардан 17 қазанда дүрлікпеуді сұрады

Алматыда 17 қазанда жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда 17 қазанда сағат 10.00-де жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.

Сейсможаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге дайындығын арттыру.

Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы тұрғындарды үрейленбеуге және сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға шақырады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!