- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әкімдік 10 жыл...
"Әкімдік 10 жыл бойы ұйықтап жатыр". Мирный саяжайының тұрғындары су астында қалды
Семейдегі Мирный саяжайында орналасқан тұрғын үйлерді су басты. Бұл арықтардың қатып қалуынан орын алған. Тұрғындардың айтуынша, бұл мәселе жылдар бойы шешімін таппаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Саяжайда бүгінде жазғы тұрғын үйлерден бөлек, тұрақты үйлері бар тұрғындар тұрады. Жазда тек екі үйге науалар қойылып қауіпсіздік шаралары жүргізілген. Қалған үйлер елеусіз қалған.
"Біздің көшеде жазда жолдың жыры, қыста арықтар мәселесі ешкім ешнәрсе шешпейді, теледидар түсіреді кетеді. Әкімдікке, ТКШ-на қол қойып арыз апардық талай рет, ал әкімдік 10 жыл бойы ұйықтап жатыр, өзім осы жердің тұрғынымын, осы жағдай орын алғанын хабарлау үшін хабарлассақ не әкімдік, не ЖКХ телефонға жауап бермейді, судың басуы қайталанбас үшін жаз бойы айттық, уәдені үйіп-төгіп береді де қалады", - дейді Динара есімді тұрғын.
Тұрғындар осы күні үйлерінен шыққанда алаңдап шығатындарын жарыса жеткізді.
"Біз жыл сайын судың ішінде қаламыз. Бұл жолы температураның төмендеуімен арықтар қатып, су баса бастады. Мұнда бізде 7 шақырым арық бар, олар әртүрлі диаметрлі құбырларға салынған. Біздің барлық арықтарымыз екінші Ақкөл арқылы өтетін негізгі арнамен байланысты. Массивтен судың ағуы осы негізгі арнаның жұмысына байланысты. Енді ол қатып қалды. Кейбір жерлерде ол баяу жүгіреді, кей жерлерде ол қатып қалады, сондықтан біздің арықтарымызды суға батыра бастады. Мұндағы сантехникалық жүйе өте күрделі. Кішкентай арықтар әр қыста қатып қалады. Үйден шыққанда алаңдап шығамыз, себебі көршілеріміз хабарласып су басты дегенде жұмыстан үйге келіп есіміз шығады", - дейді тұрғындардың бірі Ирина Пимасина.
Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, бірақ мәселені тиянақты шешу үшін су құбыры жүйесін толығымен қайта қарау қажет. Тұрғындар қала басшылығын бұл жолы да құрғақ уәдемен кетпесе екен дейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы