Әкімдердің орынбасарлары, комитеттер жауапқа тартылды

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқауын орындамағаны үшін 18 лауазымды тұлға және 4 мемлекеттік орган әкімшілік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқауы - жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша нақты заңбұзушылықтар немесе кемшіліктер анықталған жағдайда берілетін ресми мемлекеттік құжат. Құжатта нені түзету керек, кім жауапты және қандай мерзімде шара қабылдау керек екені нақты көрсетіледі.

Кімдер жауапқа тартылды?

1 қазандағы жағдай бойынша Жоғары аудиторлық палатаның нұсқауын орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін:

  • Ұлытау облысы әкімінің орынбасары;
  • Түркістан қаласы әкімінің орынбасары;
  • Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары;
  • Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а. әкімшілік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, "Семей" ӘКК" АҚ-ның жауапты қызметкерлері, бірқатар облыстың басқарма басшылары, бірқатар қаланың бөлім меңгерушілері, кейбір министрліктердің департамент директорларына және т.б. әкімшілік жаза қолданылды.

Мемлекеттік органдар жауапқа тартылды

4 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Олар:

  • ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті,
  • ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті,
  • ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті,
  • Қызылорда облысы әкімінің аппараты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!