Мәжіліс депутаты шенеуніктерді облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімі қызметіне 5 жыл мерзімге тағайындауды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутат Ерлік Өмірғали Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдап, "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңға сәйкес әкімдер жергілікті жерлерде Президенттің өкілдері саналатынын айтты. Оның пікірінше, осыған байланысты құқықтық тұрғыдан сұрақтар туындайды.
"Өзіне партияға мүше болуға тыйым салынған адамның өкілдері қалай партия мүшесі болады? Олардың мәртебесі Президенттен жоғары ма?" - деді ол.
Ол облыстар мен қалалар әкімдерінің осы қызметте жүрген кезінде саяси партия мүшесі болуына тыйым салуды және облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымында болуын бір реттік 5 жылдық мерзімге қысқартуды ұсынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!