Әкімдерді тағайындау: кім кетіп, кім қалды?

Әкімдерді тағайындау: кім кетіп, кім қалды?

Бүгін Ақордада қала және облыс әкімдерін тағайындау болды. Кім кетіп, кім қалды? Massaget.kz тілшісі шолу жасады. 

Қызметінде қай әкімдер қалды?

Қызметінде қалған әкімдердің бірі - Бейбіт Исабаев. Ол Президенттің жарлығымен Жетісу облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.

Фото: mfa.gov.kz

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.

Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі қызметінде қалды.


Фото: shymkent.gov.kz

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те қызметінде қалды.

Фото: primeminister.kz

Ақтөбе облысының әкімі қызметінде Ералы Тоғжанов қалды.

Ал Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды. 

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.

Өз қызметінде қалған әкімдердің ішінде Нұрлан Ұранхаев та бар. Ол Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.

Кімдер кетті? 

Павлодар облысының әкімі ауысты. Бұған дейін бұл қызметте болған Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды. 

Сқақовтың орнына Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. 

Әбілқайыр Сқақов / Олег Крук

Айдарбек Сапаров СҚО әкімі болып тағайындалды

Президенттің жарлығымен Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін өңірді Құмар Ақсақалов басқарған. 

Айдарбек Сапаров / Құмар Ақсақалов

Ал Құмар Ақсақалов Архимед Мұхамбетов басқарған Қостанай облысына әкім болып тағайындалды. 

Құмар Ақсақалов / Архимед Мұхамбетов

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина