Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында әкімдер мен министрлер белсенді жұмыс істесе, кейбір салалар мен өңірлердегі экономикалық көрсеткіштер бұдан әлдеқайда жоғары болатынын айтты. Бектенов жауапты органдарға бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша 9 айда жалпы ішкі өнім өсімі 4 пайызға жетті.
Бұған мына салалар әсер еткен:
"Бұл кезеңде мұнай өндіру көлемі төмендеп кетті, ол жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді. Биыл экономиканың өсуі мұнайдан тыс секторлардың есебінен қамтамасыз етілгенін айта кету керек", - деді Олжас Бектенов.
Үкімет мәліметіне сүйенсек, негізгі макрокөрсеткіштер бойынша Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Астана және Шымкент қалаларында өсім тіркеліп отыр.
Ең төмен көрсеткіштер - Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында тіркелген.
"Әкімдер мен министрлер белсенді жұмыс жүргізсе, кейбір салалар мен өңірлердегі экономикалық көрсеткіштер бұдан әлдеқайда жоғары болатын еді. Артта қалған салаларды жеделдету үшін қажет шараларды дер кезінде қабылдап, күнделікті мониторинг жүргізу керек. Әкімдіктер өңдеу өнеркәсібін қолдауға, сондай-ақ құрылыс пен сауданы ынталандыруға баса назар аударуы қажет. Мұнда үлкен резервтер бар", - деді Олжас Бектенов.
Еске салайық, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов Саран қаласындағы жылу беру маусымындағы жағдай қатаң бақылауда екенін мәлімдеп, қала әкіміне қатаң ескерту жасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!