- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әкімдер мемлекеттік қаражаттың...
Әкімдер мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды жоғалтты - Тоқаев
Фото:
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қаржысын дұрыс пайдаланбайтын әкімдерді сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
С. Сатыбалдина"Тұрақтандыру қорларының қызметі тиімділігі төмен болып отыр. Олардың нарыққа әсері аз. Кейде олар жосықсыз адамдарға жем болады. Мұны түсіну керек. Бюджеттік жымқыру фактілері үнемі анықталып жатыр. Әкімдер мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды жоғалтты.
Үкімет "айналым схемасының" көлемін 100 миллиард теңгеге дейін ұлғайтуды ұсынып отыр. Менде бір сұрақ бар. Күтілетін нәтиже есептелді ме? Бөлшек сауда желілеріне емес, тікелей өндірушілерге несие беру қисынды болар еді. Қазір Үкіметтің жауабын күтпеймін. Тиімділік тұрғысынан түпкілікті шешім туралы ойлану керек", - деді Президент Үкімет отырысында.