Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте әкімдерге жаяу жүру керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Біз барлық қаламызды абаттандыруға барынша назар аударуымыз керек. Қалаларымыз әдемі көрінбейді, мойындауымыз керек. Ойын алаңдары жабдықталмаған, үйлердің тозығы жеткен. Бюджеттері әлдеқайда аз болғандықтан, шетелдегі, әсіресе Шығыс Еуропадағы, Балқандағы қалалар өте әдемі көрінеді.
Бұл муниципал биліктің жұмысы болса керек, екінші жағынан, бұл - қала тұрғындарының тұрғылықты жеріне деген көзқарасы. Қала тұрғындары өз көшелері мен үйлеріне немқұрайды қарайды деген мәселе туындап тұр. Ал бұл еліміздің имиджі мен беделін түсіреді. Айтпақшы, мұндай мәселе елордаға да қатысты.
Елорданың биік мәртебесіне қаланың орталығы ғана емес, оның шеткі бөлігі де сай болуы керегін бірнеше рет айттым. Қалаларымыз әдемі көрінбейді, мойындауымыз керек. Мұнда барлық деңгейдегі әкімдер бар. Мәслихат өкілдері. Назар аударыңыз. Жақында теледидардан Семейдегі балалар алаңы туралы сюжетті көрсетті. Бұл алаңды пайдалану қауіпті. Әкімдер өз қалалары мен елді мекендерінде жаяу жүруі керек. Бұл елордаға да қатысты", - дейді Президент.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!