Павлодар облысы әкімі Асайын Байханов "Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы" тақырыбында өткізілген баспасөз конференциясында облыстағы әкімдердің қысқаруына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист облыс әкімінен "Сұрағым сіздің қол астыңыздағы әкімдердің эпидемиясына қатысты болмақ. Павлодар ауданы әкімінің сот шешімін орындамауы, Төртқұдық ауылы әкімінің жұмыстан босатылуы. Не болып жатыр?" - деді ол.
"Павлодар ауданы әкімі өз қалауымен жұмыстан кетуге арыз жазды. Бұл орын қазір бос. Ал сот шешімін орындамауға қатысты 2 күн бұрын аудан мәслихаты әкімдіктің бұрынғы жүйесін қайтару бойынша шешім қабылдады. 3 адамның 2-еуі жұмысына қайтарылуы керек еді, біреуі жұмысқа кірісті. Төртқұдық ауылы әкімі бұған дейін 2 рет тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның бірі - мемлекеттік сатып алу дерегін бұзу, екіншісі - республикалық тасжолға малдың шығып кетуіне байланысты, үшіншісі - Антикор тексерісі. Бұдан кейін ол қызметінен босатылды. Бірақ бұл оған қайта сайлауға түсуге кедергі келтірмейді. Жыл сайын 30-40 сайлау өткіземіз", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін облыс әкімі облыстағы рейдерлік мәселеге қатысты сұраққа жауап берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!