Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін Солтүстік Қазақстан облысында бірқатар лауазымды адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қандай мәселе анықталды?
Жоғары аудиторлық палата биыл қазанда Солтүстік Қазақстан облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтері қаншалық тиімді пайдаланылып жатқанын тексерген. Нәтижесінде заңнама, бюджет нормалары және ішкі құжаттарды орындауда заңбұзушылықтар анықталған.
Осыған байланысты өңір әкіміне, сондай-ақ, Петропавл және Сергеевка қалаларының, Айыртау, Уәлиханов, Ақжар, Тайынша аудандарының басшылығына заңбұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту тапсырылған.
Кімдер жауапқа тартылды?
Осылайша мына қызметкерлер әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
- Айыртау ауданының әкімі;
- Петропавл қаласы әкімінің орынбасары;
- Сергеевка қаласы әкімінің орынбасары;
- облыс әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары;
- облыс әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;
- облыс әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;
- Петропавл қаласы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі;
- Тайынша ауданы әкімдігінің Сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
- Айыртау және Уалиханов аудандары әкімдіктерінің Сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушілері;
- Ақжар ауданы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының м.а.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!