Гимнаст Ақмарал Ерекешева Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жарыс жолын аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
16 тамызда спортшы таспамен және ұршықтармен орындалатын жаттығу бойынша финалда өнер көрсетті.
Қазақстандық гимнаст ұршықтармен орындалатын жаттығуда 29.400 ұпай жинады. Нәтижесінде Ақмарал Ерекешева бесінші орынға ие болды.
Ал таспамен орындалатын жаттығуда төрешілер шешімімен 27.350 ұпай иеленді. Осылайша ол сегізінші орын алды.
Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева үшін бұл - ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова