Басқа жұмысқа ауысуына байланысты сенатор Ақмарал Әлназарованың депутаттық өкілеттілігі тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов Президенттің 2024 жылғы 6 ақпандағы №459 Жарлығы бойынша Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалғанын еске салды.
"Осыған байланысты ОСК сіздердің назарларыңызға Қазақстан Конституциясының 52-бабына "Парламенттің және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 24-бабы 3 және 8 тармақтарына сәйкес Сенат депутаты Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарованың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізігеді", - деді ОСК мүшесі Сенаттың жалпы отырысында.
Депутаттар тиісті қаулыны қабылдады.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақмарал Әлназарованың жұмысына жоғары баға берді.
"2020 жылы Ақмарал Шәріпбайқызы Қызылорда облысынан Сенат депутаты болып сайланды. Осы аралықта палатының заң шығару қызметіне және жоспарлы іс-шараларына белсенді атсалысты. Әлеуметтік даму және ғылым комитетінің хатшысы ретінде салалық мәселелерді оң шешуге үлесін қосты. Осындай еселі еңбегін ескеріп, палата бюросынык қаулысымен Ақмарал Әлназарова Сенаттың құрмет грамотасымен марапатталды", - деді спикер.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз