Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жергілікті атқарушы органнан құрылған комиссия "атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес" деген қорытынды бергеніне қарамастан 18 отбасыға 3,1 млн теңге төленген.
"Сарыағаш ауданының Қапланбек ауылдық округінде учаскелік комиссия хатшысы мен ауылдық округ әкімінің орынбасары комиссия мүшелерінің атынан қол қойып, 56 өтініш бойынша жалған қорытындылар рәсімдеген. Соның салдарынан 9,7 млн теңге көлемінде мемлекет қаржысы мақсатсыз жұмсалған", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова