- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әкім лентасын қиған...
Әкім лентасын қиған жоба 1 сағаттан кейін тоқтап қалып, үш жылдан бері істемей тұр
Маңғыстауда Сайын Шапағатов ауылында салтанатты түрде іске қосылған су құбыры 3 жылдан бері істемей тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұзындығы 52 шақырымдық құбырдың құрылыс жұмыстарына ел қазынасынан 750 миллион теңге жұмсалған.
2020 жылы ауылға табиғи газ бен ауызсу берілген. Бірақ, салтанатты шарадан кейін құбырмен келген ауызсу тоқтап қалыпты.
"Сол кезде облыс әкімі Серікбай Трұмов бастаған ауыл-аудан әкімдері мен ақсақалдар келіп, сүйінші хабарды жеткізген еді. Газ берді. Газбен бірге суды қосты. Ағызып көрсетті, болды. Сонымен кетті. Сол кеткеннен мол кетті. Су деген әкімнен бұрын кетіп қалды. Содан бері су жоқ", -дейді ауыл тұрғыны Есенгелді Сайынов.
3 жыл өтсе де құбырдан су келмеген. Тұрғындар ауызсуды айына 30-40 мың теңгеге сатып алып отыр.
Елді мекенді сумен жабдықтау мекемесі өкілінің сөзінше, ауылда шағын су тұщыту станциясы іске қосылған. Соның көмегімен, күзге дейін ауызсу тапшылығы жойылмақ.
"Кәсіпорынды толық іске қосу 3 кезеңнен тұрады. 1-кезең аяқталды. Қазір 800 текше су беріп тұр. 2-кезең осы апта ішінде 1200 куб-қа жеткіземіз. 3-кезең ендігі айдың соңына дейін бітеді. 2600 куб болады, барлық халық сумен қамтылады", - дейді мекеме өкілі Олжас Қаржаубаев.
Сая Мәжитқызы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы