- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аққұтан, үйрек және...
Аққұтан, үйрек және бақтақ: Сайран көліне құстар келе бастады
1971 жылдан бері Алматыда алғаш рет Сайран көлі тазартылды. Бұл жұмыс былтыр тұрғындар тарапынан тұнба мен қамыстың шіріген иісіне шағым көбеюіне байланысты қолға алынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көлдің түбінен және жағасынан 140 мың текше метрден аса қоқыс пен лай шығарылған..
Сайран қала тұрғындарының демалатын және серуендейтін сүйікті орнына айналды. Алматылықтар көлде балықты көрді, ал жағалауда балық аулап тұрған аққұтанды байқады.
Дмитрий Доценко
Фотограф Дмитрий Доценко аққұтанның көкбас балығын аулап тұрғанын суретке түсіріп алды.
"Бұл - біздің Алатаудың эндемик балығы. Сондықтан өте құнды сурет түсірдім! Ойлап қараңызшы, 2024 жылы екі миллион тұрғыны бар мегаполистің қақ ортасында нағыз жабайы табиғатты көре аласыз! Бұл ғажап нәрсе, оны қорғау керек", - деді алматылық фотограф Instagram парақшасында.
Дмитрий Доценко
Айта кетейік, биыл Алматы әкімдігі Әуежай көлі мен Қарасу көлін тазартуды жоспарлап отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова