Жыл сайын ұйымдастырылатын "Қазақ аруы-2024" байқауының биылғы жеңімпазы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызылордалық ару Ақкербез Ысқаққызы "Қазақ аруы-2024" байқауында топ жарды. Айта кетейік, ол "Сыр аруы-2024" байқауының да жеңімпазы.
Марапаттау барысында қазақстандық дизайнер Аида Қауменова жеңімпазға жаңа топтамасынан арнайы шапан жапты.
Алайда "Қазақ аруы-2024" байқауының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында желі қолданушылары байқаудың әділ өтпегенін жазып жатыр. Желі қолданушыларының пікірлеріне қарағанда қатысушыларға дауыс беретін кезде Telegram-бот жұмыс істемей қалыпты.
"Тым болмаса өтірік болсын ботты жұмыс істетіп қоймадыңдар ма?", "Ақкербез лайық емес еді. Бот жасамады, дауыс бере алмадық! Әділеттілік қайда?", "Халықты алдап не керегі бар еді!", - деген пікір көп.
Еске салайық, жобаның продюсері Баян Мақсатқызы биылдан бастап "Қазақ аруын" әділқазылар таңдамайтынын айтқан болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!