Алматыда кеше 16 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шығып, бір адам қайтыс болды. Көпқабатты үйді салған Ayt Нousing Complex ЖШС марқұмның отбасына екі бөлмелі пәтер береді. Бұл туралы құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев тұрғын үй кешені халқымен кездесу барысында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сонымен қатар, құрылыс салушы компания өрт шыққан үйді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәде берген.
"Біз өз бастамамызбен үйді қалпына келтіру шығындарын өзімізге алуға дайынбыз", - деді компанияның бас директоры.
Айта кетейік, Ayt Housing Complex ЖШС осы тұрғын үй кешенін салған. 54 көппәтерлі тұрғын үй 2017 жылы 7 тамызда пайдалануға берілген. Үй 2020 жылғы қаңтарға дейін бос тұрған. Бұл үйге тұрғындар тек 2020 жылы қоныстанған. Тұрғын үй кешенінде қызмет көрсететін басқару органы - "Ақкент ТК" МИБ (ОСИ).
Компания мәліметінше, бұл тұрғын үйде Mitsubishi лифтінің бренді 2015 жылдан бастап жұмыс істейді.
"АГ МЕЛЬКО Элеватор Казахстан Компани" ЖШС лифт компаниясы қызмет көрсетеді. Лифттерді соңғы техникалық куәландыру биыл 27 шілдеде жүргізілді", - делінген компания мәліметінде.
Еске салайық, кеше Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.
Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды.
Ал Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарған.
Сондай-ақ, өрт шыққан үйдің ішкі көрінісі жарияланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз