Кеше Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шығып, бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Оқиға болған Ақкент тұрғын үй кешенінің ішкі көрінісі Massaget.kz тілшісі материалында.
Тұрғын үйдің ішін қап-қара күйік басып қалған. Тұрғындардың айтуынша, 2-қабаттан 16-қабатқа дейін жанған.
Кіреберістен бастап үйде есіктер сынған. Сондай-ақ, үйдің әр жерінде оқиғадан кейін қоқыстар шашылып жатыр. Ал тұрғындардың сөзінше, мұндағы иістен демалу мүмкін емес.
Электр сымдары, жарықтар да жанып кеткен. Сондықтан қазір тұрғындар үйлеріне Төтенше жағдайлар департаменті және полицейлермен бірге кіріп, қажет заттарын алып жатыр.
SOS! Көпқабатты тұрғын үйде өрт шықса, не істеу керек?
Еске салайық, кеше Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.
Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды.
Ал Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!