- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақкентегі өрт кезінде...
Ақкентегі өрт кезінде 16-қабатқа шығып, балаларды құтқарған Түркия азаматы марапатталады
Ақкент тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде тұрғындарға көмектескен азаматтар марапатталады. Бұл туралы Алматыда өткен ТЖД брифингі кезінде айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өздеріңіз айтып өткендей, көмектескен адамдар бар. Ол - автокран жүргізушілері және Түркия елінен келген құрылысшылар. Оларды біз есепке алдық. Министрдің атына арнайы хат жолдап, келешекте оларды марапаттайтын боламыз", - деді ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібеков.
Айта кетейік, бұған дейін Түркия азаматы Шүкүр Гюнайдың Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарғаны туралы жазған болатынбыз. Ол кранның көмегімен 16-қабатқа шығып, балаларды бір-бірден арқанмен түсірген.
Еске салайық, кеше Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.
Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан