Жақында жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалған қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров кейінгі кезде өмірінде болып жатқан сынақтар туралы жазба жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақында жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалған қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров кейінгі кезде өмірінде болып жатқан сынақтар туралы жазба жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Сіздердің баталарыңыз бен қолдауларыңыздың арқасында көз алдарыңызда өсіп-өніп келе жатырмын, халқым. Қандай жағдайлар болып жатса да, ыстық ықыластарыңызды білдіріп, дәлелсіз қаңқу сөздерге сынып кетпеуіме себепшісіздер. Аққа – Құдай жақ! Аяқтан шалуды көздеген қара ниеттілерді Алла кешірсін! Әр сынақтың артында бір қайыр бар, ер жігіттің басына не келіп, не кетпес. Әлі талай жеңістерді бірге тойлауға жазсын” – деді ол.
Еске салайық, жақында олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен бірге шаршы алаңға шығуы керек болған Жанқош Тұраров жекпе-жекке қатыспайтынын мәлімдеген болатын. Оның мұндай шешіміне "қыз зорлады" деген айып тағылып, желіде шу туғызған оқиға себеп болды деген пікір де айтылды. Алайда спортшы жоспарланған жекпе-жекке жарақатына байланысты шықпағанын мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров шаршы алаңда 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен боксшы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз!
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!