- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақжайықта әдебиетшілер үйі...
Ақжайықта әдебиетшілер үйі ашылды
Өткен аптада Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жас мерейтойы аталып өтті. Ақынның мерейтойына орай өзі туып-өскен өлке – Ақжайық ауылында Әдебиетшілер үйі ашылды.
Салтанатты шараға жергілікті қаламгерлер және Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов қатысты.
Әдебиетшілер үйінің лента қию рәсімі Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова мен Ақұштап Бақтыгерееваға берілді.
Салтанатты іс-шараға жиналған қонақтар әдебиетшілер үйін аралап, көріп шықты. Рухани ошақтың әр бұрышы заман талабына сай жасақталған. Ақұштап Бақтыгерееваға арналған бөлмеде ақынның жазу үстелі, кітаптары, жеке бұйымдары қойылып, фотосуреттері ілінген. Сондай-ақ келушілер емін-еркін отырып, кітап оқитын оқу залы да жасақталып, оған әр адам оқуы тиіс 100 кітапқа дейін қойылған.
Әдебиетшілер үйінің ашылу салтанатына қатысқан ақын-жазушылар рухани ошақтың жаңа жұмысына сәттілік тілеп, аудан-ауылдарда рухани ошақтың көбеюі жас өскіндердің әдебиетке қызығушылығын арттырарына сенім білдірді.
Суреттер: Айгерім Ғалым
БҚО әкімдігі ұсынған материал
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина