"Ақжайық" қорығындағы өрт ғарыштық мониторинг барысында анықталған

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, тұтанып жанған қамыс өрті ғарыштық мониторинг барысында анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта "Ақжайық" қорығы аумағында термиялық нүкте, тұтанған қамыстардың шағын ошағы анықталды.

Тұтану орнына Ақжайық резерваты қызметкерлері өрт сөндіруге жіберілді.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті күштер тобын құрды, сонымен қатар ВСУ-5 МИ-8 тікұшағы әзір деп түсінік берілген Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен, бұған дейінгі тәжірибе көрсеткеніндей, қамыс өртін сөндіру жұмыстары кемінде 3-4 күнге созылып жүр.


Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!