20 маусымда Қазақстанның Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен халықаралық іздеуде жүрген Адинду Нонсо Фортуне Нигерияда ұсталған болатын. Ол бүгінде қытайлық түрмеде жазасын өтеп жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша күдікті деп танылған.
Бас прокуратура өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне Адинду Нонсо Фортунені Қазақстанға экстрадициялау ісі қалай жүріп жатқанын айтты.
"Адинду Нонсо Фортунеге Алматының Полиция департаменті заңсыз есірткі тасымалына байланысты іздеу жариялаған болатын. "Интерпол" Ұлттық орталық бюросының мәліметінше, ол 2022 жылы 20 маусымда Нигерияда ұсталды. Қазақстанның Бас прокуратурасы оны елге экстрадициялау туралы сұрау жасаған болатын, бұл мәселе қазір қарастырылып жатыр", - деді ведомство өкілдері.
Бас прокуратура өкілдері Қылмыстық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын айтты.
Еске салайық, 2014 жылы қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбай таныстары көндіріп Алматыдан Қытайға кеткен болтын. Оның ішінде Нигерия азаматтары да болған. Олар Ақжарқынға Гуанчжоудан Малайзияға киім тасымалдап бергені үшін ақша төлейтіндерін айтып уәде берген. Гуанчжоудан ұшар кезде Ақжарқын ұсталды. Оның сөмкесінен есірткі табылған.
2015 жылы Тұрлыбай есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.