Ақтөбе облысында 23 жастағы жігіт әкесінің айлығын құмар ойынға салып, өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаментіне Ақтөбе облысында өзіне қол жұмсаған жігіт туралы ақпарат түскен. Облыстың 23 жастағы тұрғыны букмекерлік кеңседе құмар ойынға 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуық ақша салғаны белгілі болды.
Салдарынан жігіт өз-өзіне қол жұмсаған. Ол мұндай қадамға әкесінің барлық жалақысын құмар ойынға салып жібергеннен кейін барған. Жарты жыл ішінде ол құмар ойындарға 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша салған.
Мұның бәрі ойын автоматтарынан басталған, кейін бұл әдеті ставкаларға ұласқан.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!