- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әкесін көргендей қуанды ғой"....
"Әкесін көргендей қуанды ғой". Ninety Оne тобының концертінде жанкүйер тосын қылық көрсетті
TikTok-та Ninety Оne тобының концерттерінің бірінде ALEM лақап атымен танымал Батырхан Мәлікті құшақтап жылаған жігіттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Топтың ресми парақшасында бұл концерт Ақтауда өткені жазылған. Видео 147 мыңнан аса қаралым жинаған. Онда жігіт ALEM-ді өзіне қарай шақырып алып құшақтап, қатты қуанғаны көрінеді.
@ninetyone_official РАҚМЕТ АҚТАУ ❤️ #ninetyonetour2022 #eaglez #ninetyone #alem #bala #zaq #ace #aqtau #kazakhstan ♬ оригинальный звук - Ninety One
Желі қолданушылары жігіт топтың нағыз жанкүйері екенін жазып жатыр.
Ж. Қадыржанова"Қатты қуанып тұр", "Нағыз жанкүйер ғой мынау", "Оған топтың әндері керек кезде қолдау бола білген секілді", "Құдайым-ай, қатты қуанып тұр, қазір жылап жіберемін", "Ninety Оne биыл қанша адамның арманын орындады", "Жаныым, сондай қуанып тұр", "Осы сәтті көп күткен секілді", "Неге жылап жатырмын, жігіт үшін қуанып тұрмын", "Әкесін көргендей қуанды ғой", - деп жазған пікір білдірушілер.