- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Әкесіне ұқсайды“. Танымал...
“Әкесіне ұқсайды“. Танымал блогер Мерей Әбілова босанды
Танымал блогер Мерей Әбілова ота арқылы өмірге қыз бала әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарынан сүйінші сұрады.
"Қош келдің өмірге қызым! Мен енді анамын! Шүкір! 05.09.24", - деп жазды блогер.
Алайда денсаулығына байланысты сүйінші жаңалығын енді ғана жариялап үлгеріп жатыр екен.
Мерей Әбілова "Неден бастарымды білмей тұрмын" деп оқиғаны басынан соңына дейін баяндап берді.
"33 аптадан кейін жоқ болып кеттім. 37 аптасында енді ғана перзентханаға сөмке жинап бітіп, киімдерін жуып, үтіктеп қойған едім. Ертесіне тексеріс болып, баланың жүрек қағысы төмендеп жатыр деді. Маған "40 минут жүріп, қайта келіңіз" деді. Барып қайта тексерттім. Оған дейін бір нәрсе сезгендей, болған жағдайды Димашқа түсіндіріп келуін сұрадым. Димаш келіп, бірге нәтижесін күттік. Бір кезде кабинетке дәрігерлер көбейіп кетті. Сосын "баланың неге қысылып жатқанын білмейміз. Бірақ шұғыл ота жасаймыз деді", - деп есіне алды босанатын сәтін блогер.
Баласы үшін кесарево жасауға бірден келіскенін жасырды Мерей Әбілова.
"Балаң қиналып жатыр, пышақтың астына түс десе, бір минут та ойланбайды екенсің. Қырық минуттан кейін Димаш қызын қолына алды. Операция жақсы өтті. Неге ота жасатты десеңіздер, баланың кіндігі қысқа болыпты. Мариям шынымен әкесіне ұқсайды", - деп жазды ол.
Еске салайық, Мерей Әбілова футболшы Димаш Қашкенге тұрмысқа шыққан болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева