Әнші Мақпал Жүнісованың қызы Мерейдің ән айтып отырған сәті көпшіліктің жүрегін елжіретті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қызының көлікте ән айтып отырған бейнежазбасын салды. Алайда әнші "сахнаға алып шығыңызшы" деген өтінішіне "қызым әнші болғысы келмейді" деп жауап берді.
Желі қолданушылары "Мерей өзіңізден аумайды екен", "ұл болғанда әкесінің кегін алар еді", "қызыңыздың өмір жолы ашық болсын", "тектілігі бар, көрініп тұр", "дауысы тұнық екен", "Мақпал апайдан аумай қалған" деп жазды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!