Әкесіне күтпеген тосынсый жасаған балалар Қазнетті жылатты

Әкесіне күтпеген тосынсый жасаған балалар Қазнетті жылатты

Әкелерін алдап, жиенінің шаш алу тойы деп мейрамханаға алып келіп, 60 жас мерейтойымен құттықтаған балалардың әрекеті Желіні тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны TikTok-қа Жанар Өмірбай атты қолданушы жүктеген. 

"Әкемізге тосынсый. Әкемізді алдап, жиеннің шаш алу тойы деп шақырдық... Әкеміз 60 жаста", - деп жазды Жанар Өмірбай. 

Әкелері күтпеген жерден жасалған тосынсыйға риза болған. 

"Бұл Тахминаның бір жасы емес, сіздің 60 жасыңыз. Құтты болсын!", - дейді асаба. 

Артынша, туыстары ер адамды құттықтай бастайды. 

@zhanaromirbay

Әкемізге СЮРПРИЗ? әкемізді алдап, жиеннің шаш алу тойы деп шақырдық….. Әкемізге 60 жас??? Сюприз удался?

♬ оригинальный звук - Жанар Омирбай

Видеоға түрлі пікір жазылған. Көптеген адам балалардың бұл әрекетіне тәнті болған. 

"Көзіме жас алдым. Әке-шешеме бұндай жақсылық жасай алмадым. Өмірден ерте өтіп кетті. Сендер бақыттысыңдар. Тірі кезде бар жақсылық жасап қалыңдар", "Жылай беретін болдым ғой, тойда өзім жүргендей балқып кеттім ғой, ағаның жүзі жып-жылы екен", "Керемет көрініс, әкелеріңіздің өмірі ұзақ, денсаулығы мықты болсын", "Керемет, көзге жас келеді екен", "Аман болсам, бұйырса жазда әкеме мен де осындай той жасап беруге ниет еттім", - дейді Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина