Әкесі ұлына есірткі өндіруді үйреткен: Ақмола облысында ірі зертхана әшкере болды (видео)

Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ұйымдастырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері есірткі зертханасын жойды. 54 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы ұсталды.

Әкесі ұлын заңсыз бизнеске тартып, синтетикалық есірткі өндіруді үйреткен. Арнайы операция барысында:

  • 200 келі мефедрон;
  • 2 тоннадан аса прекурсор;
  • химиялық реактор;
  • түрлі жабдық тәркіленді.

"Тәркіленген есірткі 600 жүз мың бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 5 млрд теңге болады немесе 10 млн АҚШ долларынан асады. Бұл есірткі заңсыз айналымға түссе, мыңдаған адамның тағдырына балта шабушы еді", - деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!