- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әкесі туралы естелік...
Әкесі туралы естелік айтқан Сәкен Майғазиев көзіне жас алды
Әнші Сәкен Майғазиев әкесін есіне алып, көзіне жас алды. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ұлымен бірге сыр сұхбат жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі өмірде әкесін үлгі тұтатынын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Әкемдей болсам деп армандайтынмын. Үнемі саған айтушы едім ғой, балам. Өмірде үш идеалым бар: әкем, Өзбекәлі Жәнібеков және Дінмұхаммед Қонаев. Кейде менің орнымда әкем болса не істер еді деген сұрақпен тоқтаймын көпшілік жерде. Біреу ашуландырғанда, жүйкем тозғанда, сабырсыз болған кезде әкемді есіме аламын. Сол арқылы өзімді тоқтатамын. Әкемді көрсем алғыс айтар едім. Оның рухына бағыштаған Құранымыз оның рухын шат-шадыман етеді деп ойлаймын. Мінезі керемет, жібек болған. Бірінші атаңды көрсем, алғыс айтып, маңдайынан сүйер едім. Иіскеп, құшақтар едім", - деді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы