- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әкесі мүлдем іздемеді"....
"Әкесі мүлдем іздемеді". Жалғызбасты ана екі жыл сөйлесіп жүрген жігітінен жүкті болғанын айтты
Мөлдір Кенжебекова 8 жыл бұрын сөйлесіп жүрген жігітінен жүкті болған. Алайда сүйіктісі баланы алдырып тастауын өтінген. Мөлдір бұл жағдай туралы Тимур Балымбетовтің youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 2015 жылы "Аналар үйінің" көмегіне жүгінген.
"Екі жыл сөйлесіп жүрген жігітім аяғым ауыр екенін біліп, оған айтқанымда бірден "алдырып таста" деді. Неге екенін білмеймін, баланы алдыруға қимадым. Сондықтан, жігітпен бірден қоштасып, өз жолыммен кеттім. Отбасым бұл туралы білмеді. Өйткені олар Алматы облысында тұрды, ал мен қалада болдым. Ішім білінбей тұрған кезде жиі барып тұрдым. Содан кейін тек телефон арқылы сөйлестім. Жеті ай болған кезде әріптестерім біле бастады. Сол үшін жұмыстан шығып кетуге тура келді. Жасыруға тырыстым. Бір ай құрбыларымның үйінде болдым. Содан кейін "Аналар үйіне" келдім. Бастапқы кезде қатты қиын болды. Психологиялық тұрғыда қатты қиналдым. Бірақ жанымдағылар жақсы көмектесті", - деді ол.
Мөлдірдің қызы қазір 8 жаста. Бірақ әкесі мүлдем іздемеген.
"Балам дүниеге келгеннен соң әкесіне хабарластым. "Жарайды, мен үйленейін деп жатырмын" деді. Одан кейін іздемеді. Маған бәрінен бұрын өз ата-анама айту қиын болды. Өйткені үйдің жалғыз қызымын. Екі інім бар. Олар менен үміт күтіп отырғаннан кейін ең қиын жағдай сол болды. Анама айтқанда, біраз уақыт менімен сөйлеспей жүрді. Өзім ана бола тұра анаммен сөйлеспеу қиынға түсті. Қызым жайлы сұрамайтын болды. Солай 1,5 жыл өтті. Бір жарым жыл өткен соң анам өзі қонаққа шақырды. Қазір анаммен бірге тұрып жатырмыз. Бәрі жақсы", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы