Әкесі мен қызының ұлттық құндылықтар жайлы әңгімесі жұртты тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео ZTB-арнасында пайда болды. 6 жасар Кәусәр әкесінен "Мен қазақ мектебінде оқимын ғой, неге балалар орысша сөйлейді?" деп сұрақ қойған.
"Біреуді қазақ қылып, орыс, жапон қылып жаратты. Құдай бізді қазақ етіп жаратты, сондықтан біз қазақша сөйлеуіміз керек. Басқа тілді білуге болады, біақ бірінші кезекте қазақ тілін білу керек. Кішкентай кезіңде саған қазақша мультфильм көрсетіп өсірдік. Өйткені сен қазақша сөйлеп кетуің үшін қазақша көрсеттік. Демек басқа отбасыларда мұндай құндылық болмай тұр. Құндылық деген сол, құнды нәрсе", - дейді әкесі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!