- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әкесі - маймыл,...
Әкесі - маймыл, шешесі - адам: Анголада ерекше бала тұратыны рас па?
14 ақпанда бірнеше БАҚ-та Анголада тұратын ерекше бала туралы ақпарат тарады. Желідегі мәлімет бойынша, 12 жастағы баланың әкесі маймыл, анасы адам. Бұл рас ақпарат па? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.
БАҚ-та тараған мәлімет бойынша, әйел ұзақ жыл бойы еркек шимпанземен жыныстық байланыс жасаған.
"Бұл ақпаратты оған анасы айтқан. Анасы Камеи ұлттық саябағында қоршаған ортаны қорғау офицері болып жұмыс істеген. Жұмыс орнында ол ұзақ жыл бойы еркек шимпанземен жыныстық байланыс жасаған", - делінген хабарларда.
Africa Daily News сайтында бұл ақпарат 2019 жылы тараған. 12 жастағы балаға марқұм анасы ол шимпанзеден туғанын айтып кетіпті-мыс. Басылым Аугусто Дембо ағасы және әпкесімен бірге тұратынын жазған.
Бұл оқиға туралы ұлттық газеттер жарыса жазған. Басылым мәліметінше бұл ақпарат сол кездің өзінде сарапшылар арасында дау тудырған. Яғни көптеген сарапшы Аугусто адам мен шимпанзе жыныстық қатынасқа түсуінен кейін өмірге келген деген ақпаратқа күмәнмен қараған.
"Бұл аймақта адам мен шимпанзе арасындағы жыныстық қатынас көп тараған. Бірақ бала туу туралы алғаш рет хабарланып отыр", - дейді дәрігер Антонио Мендес.
Ал биология ғылымдарының кандидаты, доцент Жанар Чунетова бұл мүмкін емес жағдай екенін айтады.
"Хромосома саны сайкес келмейді, этикалык жағынан олай будандасуға болмайды. Эволюциялық даму жағынан айтсақ, Homo мен Pan 6 миллион жыл бұрын бөлінген. ДНҚ айырмашылықтары бар, сондықтан сәйкес келмейді.
Генетикалық тұрғыда шимпанзе мен адамның арасында бір жұп хромосомасы бойынша айырмашылық бар. Адамдарда 23 жұп хромосома болса, маймылдарда 24 жұп хромосома бар", - дейді маман.
Жанар Чунетованың сөзінше, адам мен маймыл арасында ұрықтану процесі жүргеннің өзінде хромосома саны сәйкес келмейді. Доцент бала әкесі маймыл, шешесі адам болып өмірге келуі мүмкін емес және ол ғылыми тұрғыда шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина