- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әкесі бар адамға...
Әкесі бар адамға малдың басын ұстауға бола ма? Нұрлан имам жауап берді
Имам Нұрлан Байжігітұлы "Battle сөз" бағдарламасына келіп, малдың басын кімге ұстауға болатыны жайлы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас тарту - қазақ дәстүрлерінің бірі. Қазақ тойда, ас кезінде, қонақ күткенде сойылған қойдың басын қадірлі, сыйлы адамға береді. Ежелгі наным бойынша бас - жаратылыстың бастаушы күші.
Осы орайда Нұрлан имам "бас ұстау" мәселесін түсіндірді.
"Біздің, енді қазақтың үлкенді құрметтейтіні жақсы ғой. Бастың дәмін жеген адам біледі. Бірақ жастар қазір басты жемейді. Мен бір балаға құлақ бергенімде маған "өзіңіз жеңіз" дегені бар еді. Әкесі бар адам имам болса, басты ұстай алады", - дейді Нұрлан Байжігітұлы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы