Шымкенттегі дағдарыс орталығының директоры Малика Жүсіпова жантүршігерлік деректерді айтты. Оның сөзінше, асырап алған әкесі қызын күн сайын зорлап, ұрып-соққан. Жыныстық құлдық 10 жылға созылған. Ол тіпті қызды таныстарына да сатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Көмек" орталығының әлеуметтік қызметкерлері күнделікті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларымен бетпе-бет келеді. Түркістан облысының түкпір-түкпірінен әйелдер, қыздар мұнда көмек сұрап келеді.
Дағдарыс орталығының директоры қазір адамдарды туыстарынан да құтқаруға тура келетін уақыт екенін айтты.
"Біздің орталықта әкесі құлдықта ұстаған қыз бар. Керім (аты өзгертілген - еск.) - асырап алынған қыз. Оны ерлі-зайыпты асырап алған. Асырап алған әйел қайтыс болғанға дейін бәрі жақсы болған. Әйелі қайтыс болғаннан кейін күйеуі асырап алған қызын жиі ұра бастаған. Біраз уақыттан кейін ол оны күн сайын зорлай бастаған. Тіпті қызды сыртқа шығармаған. Кейін ішімдік пен тағам үшін оны таныстарына сата бастаған. Қыз бірнеше рет қашып, полицияға жүгінген. Олар әкесіне қыздың қайда екенін хабарлап отырған, осылайша ол қызды полицейлерден сатып алып, қайтадан үйіне алып кетіп отырған", - деді ол.
Орталық басшысының айтуынша, бұл оқиға олардың үйіне жаңа көршілер көшіп келгенге дейін жалғасқан. Көрші әйел не болып жатқанын көріп, орталыққа жүгінген.
"Керімді әкесіне қайтарған полицейлер жұмыстан қуылды. Әкесі арқасынан етікпен ұрғандықтан, оның иығы қисайған. Бұл қыздың тыныс алуын қиындатып отыр. Біз квота арқылы операция жасауға тырысамыз", - деді орталықтың директоры.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!